Төтенше жағдайлар министрлігі мекемелеріндегі қызметкерлердің еңбек өтілі қалай есептеледі: ережелер бекітілді

Фото: Zakon.kz
Төтенше жағдайлар министрі 2026 жылғы 18 тамыздағы бұйрығымен уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардағы азаматтық қызметшілер мен қызметкерлердің мамандық бойынша еңбек өтілін есептеу тәртібі мен шарттарын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, мамандық бойынша еңбек өтілі азаматтық қызметшілер мен қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттар негізінде күнтізбелік тәртіппен есептеледі.

Егер азаматтық қызметші немесе қызметкер күнтізбелік ай ішінде лауазымдық жалақысын арттыруға құқық алса, еңбек өтілі ескерілген жалақыны есептеу осы құқық пайда болған күннен бастап жүргізіледі.

Азаматтық қызметшілер мен қызметкерлердің мамандық бойынша еңбек өтілін есептеуді арнайы комиссия қарайды.

Еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссия тұрақты негізде жұмыс істейді. Оның құрамына уәкілетті органның қарамағындағы азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік мекеме немесе ұйымның төрағасы, хатшысы және комиссия мүшелері кіреді.

Дауыс беруге қатысатын комиссия мүшелерінің саны тақ санды және кемінде бес адам болуы тиіс. Комиссия шешімі дауыс беруге қатысқан мүшелердің жалпы санының басым дауысымен қабылданып, хаттамамен рәсімделеді. Осы хаттаманың негізінде мамандық бойынша еңбек өтілін белгілеу туралы бұйрық шығарылады.

Комиссия шешімінен үзінді екі данада рәсімделіп, кадр қызметі мен бухгалтерияға беріледі.

Азаматтық қызметшілер мен қызметкерлердің мамандық бойынша еңбек өтілін есептеу үшін еңбек қызметін растайтын құжаттар ҚР Еңбек кодексі мен осы Ережелерге сәйкес айқындалады.

Еңбек өтіліне қандай кезеңдер есептеледі?

Азаматтық қызметшілер мен қызметкерлердің мамандық бойынша еңбек өтіліне мыналар есептеледі:

Бұйрық 2026 жылғы 5 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді