Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері құқыққа қайшы бейнежазбаны анықтады. Бейнежазбада бірнеше жүргізушінің қала аумағында кортеж ұйымдастырғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 2 қыркүйекте ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады:

"Олар жол ережесін елемей, жол жүрісі, маневр жасау қағидаларын, авариялық сигнал беруді қолдану қағидаларын бұзған және мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлікті басқарған. Барлық қатысушы анықталып, полицияға жеткізілді. Олар 20-35 жас аралығындағы Қызылорда қаласының тұрғындары болып шықты. Құқық бұзушыларға қатысты заң аясында шара қолданылды. Бір автокөлік арнайы тұраққа қойылды".

Полиция азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Әсіресе, жолды бөгеп жүру, дабылқаққышты заңсыз пайдалану немесе қауіпті маневр жасау заңға қайшы әрекет және міндетті түрде жауапкершілікке әкеліп соғады.

Бұған дейін еліміздегі ірі өңірлердің бірінде 2 қыркүйектен бастап телефон ұстап, белдік тақпаған жүргізушілерге автоматты түрде айыппұл келе бастайтыны ескертілген.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

-7 градусқа дейін үсік, көктайғақ екпінді жел: қай өңірлерде ескерту жасалды

Астана әуежайында жолаушыларды биометрия арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілмек

Қазақстанда қайырымдылықтың бірыңғай цифрлық ресурсы құрылады

Threads арқылы концерт билеттерін сатқан: астаналық жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Қанат Құлшыманов президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды