2 қыркүйектен бастап телефон ұстап, белдік тақпаған жүргізушілерге автоматты түрде айыппұл келе бастайды
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Күні кеше, 2026 жылдың 1 қыркүйегінде Қарағанды облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі өңір тұрғындарына жүгініп, маңызды ескерту жасады. Бұл жаңа мүмкіндіктерге ие жолдар бойына жыпырлата орнатылған бейнебақылау камераларына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен 2026 жылдың 2 қыркүйегінен бастап Қарағанды облысында орнатылған 120 "Сергек" кешені мына жағдайларды автоматты түрде анықтап, тіркей бастайды:
- көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланғандарды (591-бап);
- қауіпсіздік белдігін тақпағандарды (593-бап).
"Айыппұлдар автоматты режимде нұсқама түрінде жіберіледі". Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Полиция мәліметінше, жолда ұялы телефонды қолдану жол апаты қаупін 4 есе арттырады.
"60 км/сағ жылдамдықта телефонға 5 секундқа алаңдау — 100 метрді соқыр жүріп өтумен бірдей! Бір хабарлама немесе қоңырау адам өмірінен қымбат емес". Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ тәртіп сақшылары тағылған белдік қаза болу қаупін 50%-ға азайтатынын да еске салады.
"Жыл басынан бері облыста жол апаты салдарынан 550-ден астам адам жарақат алса, оның 100-ден астамы белдік тақпаған. Балаларды міндетті түрде арнайы орындыққа отырғызып, белдігін бекітіңіз!", делінген полицияя хабарламасында.
Тәртіп сақшылары рөлге отырып, тұрған орыннан қозғалмас бұрын мынаған мұқият болуды ескертеді:
- өзіңіз бен жолаушылардың белдігін тағыңыз;
- балалардың қауіпсіздігін тексеріңіз;
- телефонды шетке қойыңыз, шұғыл болса — тоқтап сөйлесіңіз.
Бұған дейін Павлодар облысында жыл басынан бері қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарған 7893 жүргізуші жауапқа тартылғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript