Қазақстан жастарын SIM-карта арқылы "жеңіл табысқа" тартуда

Телефон, мобильный телефон, сотовый телефон, смартфон, мобильный интернет, мобильная связь, мобильный оператор, мобильные операторы, социальные сети, соцсети, соцсеть, социальная сеть, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2026 16:15 Фото: pexels
2026 жылғы 29 мамырда Абай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі азаматтарға маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, интернет-алаяқтар азаматтарды алдау үшін түрлі айла-тәсілдерді қолдануда.

Солардың бірі – жастарға өз атына SIM-карта рәсімдетіп, кейін оны үшінші тұлғаларға беру немесе сату үшін "жеңіл табыс" ұсыну.

Полиция мұндай әрекеттер алғашында зиянсыз болып көрінгенімен, оның салдары ауыр болуы мүмкін екенін ескертті.

"Егер сіздің атыңызға тіркелген SIM-карта қылмыстық мақсатта пайдаланылса, құқықтық жауапкершілік ең алдымен нөмір иесіне, яғни сізге жүктелуі мүмкін", – деп мәлімдеді ведомство.

Полиция алаяқтардың SIM-карталарды қандай мақсатта пайдаланатынын да түсіндірді:

  • банк қосымшалары мен онлайн сервистерді бұзу;
  • азаматтардың жеке деректерін ұрлау;
  • қоңыраулар мен хабарламалар арқылы алаяқтық схемаларды жүзеге асыру;
  • заңсыз әрекеттерді жасырын түрде жасау.

Осыған байланысты азаматтарға мынадай сақтық шараларын ұстану ұсынылды:

  • өз атыңызға рәсімделген SIM-картаны ешкімге бермеңіз;
  • бейтаныс немесе күмәнді адамдардың ұсынысына келіспеңіз;
  • "сатып аламыз" немесе "өзіңіздің атыңызға рәсімдеп беріңіз" деген ұсыныстардан бас тартыңыз;
  • жеке деректеріңізді, SMS-кодтар мен тіркеу мәліметтерін құпия сақтаңыз;
  • күмәнді жағдай туындаса, бірден құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Полиция азаматтарға SIM-картаның жай ғана телефон нөмірі емес, адамның цифрлық сәйкестігі екенін еске салды.

Бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкі де қазақстандықтарға шұғыл ескерту жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: