Қос азаматтығы бар қазақстандықтар нені білуі керек

Эмигранты, эмиграция, мигранты, миграция, иммигранты, иммиграция, приезжий, приезжие, репатриация, репатрианты, кандас, кандасы, паспорт гражданина РК, документы, паспорт РК, паспорт Казахстана, паспорт Республики Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2026 16:10 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 16 сәуірде Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі қос азаматтық мәселесіне қатысты қазақстандықтарға маңызды ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, басқа мемлекеттің азаматтығын алу Қазақстан азаматтығынан айырылуға әкеп соғады. Яғни, Қазақстан заңнамасында қос азаматтыққа жол берілмейді.

Хабарлау мерзімі

Басқа мемлекеттің азаматтығын алғаннан кейін азамат 30 күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына бұл туралы хабарлауға міндетті.

Қайда жүгіну керек

Өтініш келесі орындарға беріледі:

  •  тұрғылықты жері бойынша полиция органдарына (көші-қон қызметі);
  •  шетелде жүрген жағдайда Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне.

Қажетті құжаттар

  •  Қазақстан азаматтығынан шығу туралы өтініш;
  •  Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
  •  басқа мемлекеттің азаматтығын алғанын растайтын құжат.

Жауапкершілік

Хабарламау немесе мерзімін бұзу үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделеді.

Атап айтқанда:

  •  1-бөлік: Қазақстан азаматтығынан айырылған адамның паспортын және (немесе) жеке куәлігін пайдалануы – 200 АЕК мөлшерінде айыппұл (865 000 теңге);
  •  2-бөлік: шетел азаматтығын алғаны туралы белгіленген мерзімде хабарламау – 100 АЕК мөлшерінде айыппұл (432 500 теңге) немесе Қазақстан Республикасынан әкімшілік түрде шығарып жіберу;
  •  3-бөлік: осы әрекеттер мемлекеттік қызметшілер немесе квазимемлекеттік сектор қызметкерлері тарапынан жасалса – 300 АЕК мөлшерінде айыппұл (1 297 500 теңге) және елден шығарып жіберу.

Айта кетейік, бұған дейін босқындардың Қазақстан азаматтығын алу мүмкіндігі мен олардың құқықтары туралы да ақпарат берілген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: