Жаңалықтар тізбегі
0

Қос азаматтығы бар тоғыз шетелдік Қазақстаннан қуылды

Елден қуылды, қос азаматтық, ШҚО, көші-қон, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2024 19:57 Сурет: pixabay
ШҚО полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері облыс аумағынан қос азаматтығы бар 50-ге жуық адамды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО-да қос азаматтығы бар 48 адам анықталды. Олардың тоғызы сот шешімі бойынша Қазақстаннан тыс жерлерге шығарылды.

"Мысалы, Өскемен қаласының 59 жастағы тұрғыны 2021 жылдың мамыр айында көрші мемлекеттің азаматтығын алған, бірақ бұл туралы заңда белгіленген мерзімде құқық қорғау органдарына хабарламаған. Шетелдіктің жеке куәлігі мен Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты тәркіленіп, Қазақстан азаматтығынан айыру тіркелді. Заңды бұзғаны үшін ер адам 200 АЕК көлемінде айыппұл төледі", – деп атап өтті ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.

ШҚО ПД көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елімізде қос азаматтыққа жол берілмейтіндігін және заңнама талаптарын сақтауды ескертеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: