Қазақстанның солтүстігінде ірі су қоймалары 100% толды

Солтүстік Қазақстандағы ірі су қоймалары 100% толды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2026 18:21 Сурет: instagram/su_resurstari_ministrligi и akmola_qazsushar
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 16 сәуірде Солтүстік Қазақстандағы су қоймаларындағы жағдай туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Ақмола облысында тасқынның шарықтау шегі өткен.

"Соның нәтижесінде өңірдегі ірі су қоймалары 100 пайызға толды", – делінген ҚР СРИМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Берілген мәліметке сәйкес, жалпы көлемі 670 млн текше метр су жиналған:

  • Астаналық су қоймасында – 412,82 млн текше метр,
  • Селеті су қоймасында – 230 млн текше метр,
  • Шағалалы су қоймасында – 28 млн текше метр.

Сондай-ақ, Ақмола облысындағы ірі өзен алаптарында биылғы көктемгі тасқын науқаны наурыздың үшінші онкүндігінде басталғаны атап өтілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: