Қазақстанның екі өңірінде ірі су қоймалары 100%-ға толды

Қазақстанның екі өңірінде ірі су қоймалары 100%-ға толды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2024 12:06 Сурет: unsplash
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024 жылдың 2 мамырындағы ағымдағы жағдай бойынша еліміздің су қоймаларындағы ахуал туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратқа сәйкес, 100%-ға толған:

  • Ақмола облысында екі ірі су қоймасы;
  • Солтүстік Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы.

Сондай ақ ведомствода еліміздің басқа өңірлеріндегі су қоймаларының жағдайы туралы деректер ұсынды:

  • Қарағанды облысында үш ірі су қоймасы орта есеппен 98,6%-ға толы;
  • Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%;
  • Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%;
  • БҚО-ның төрт ірі су қоймасы орта есеппен 88%-ға толды;
  • Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 82,4%;
  • Абай облысында Шүлбі су қоймасы 39,8%-ға толды.
"Су қоймаларында жиналған су одан әрі ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі",- деп толықтырды ведомства баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Су тасқыны кезінде зардап шеккен қазақстандықтарға қандай мүлік өтеледі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: