Атап айтқанда:
- базалық банк лицензиясы бар банктің активтерінің жалпы көлемі әр айдың есепті күнінде 500 млрд теңгеден аспауы тиіс. Есепті күн ретінде тиісті айдың соңғы жұмыс күні алынады;
базалық лицензиясы бар банктер жеке тұлғалардың депозиттерін, сондай-ақ олардың банк шоттарындағы қаражатын мына мөлшерден артық қабылдай алмайды:
- ұлттық валютадағы жинақ салымдары бойынша – 20 млн теңге;
- ұлттық валютадағы өзге депозиттер бойынша – 10 млн теңге;
- шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 млн теңге.
Егер жеке тұлға базалық лицензиясы бар бір банкте бірнеше депозит ашса немесе бірнеше банк шотына ие болса, барлық депозиттер мен шоттардағы күнделікті ақшаның жалпы қалдығы 20 млн теңгеден аспауы керек.
Қаулы 2026 жылғы 13 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Агенттік базалық лицензиясы бар банктердің операциялары шектеулі екенін атап өтті. Ал депозиттерге қатысты бұл шектеулер қазіргі жұмыс істеп тұрған банктерге қатысты емес, себебі оларда әмбебап банк лицензиясы бар.