Бас прокуратура ел азаматтарына маңызды ескертумен жүгінді

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Бас прокуратура 2026 жылы 10 қыркүйекте eGOV атынан жасалатын алаяқтықтың жаңа тәсілі белең алып жатқанын ескертіп, ел азаматтарын құлағдар етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, бұл ретте қаскөйлер өздерін "eGov" қызметкерлері ретінде таныстырады. Тек соңғы бір айдың ішінде елімізде алаяқтардың өздерін «eGov» қызметкерлері ретінде таныстырған 30 жуық дерегі тіркелді.

"Әдетте, алаяқтар азаматтарға олардың атынан ЭЦҚ рәсімделгені немесе өзге де әрекеттер жасалғаны туралы жалған ақпарат береді.Одан кейін әңгімеге олардың сыбайластары қосылып, заңсыз несие рәсімдеудің алдын алу сылтауымен жәбірленушілерді өздері көрсеткен шоттарға ақша аударуға көндіреді", - дейді құзіретті орган.

Осындай жағдайлардың бірінде Тараз қаласының тұрғынына белгісіз адам қоңырау шалып, өзін «eGov» қызметкері ретінде таныстырып, оның атына ЭЦҚ шығарылғанын хабарлаған.Кейін WhatsApp арқылы онымен басқа адамдар байланысып, оның атына жеті банктен несие рәсімделгенін айтқан. Алаяқтардың арбауына түскен әйел үшінші тұлғалардың шоттарына 2 млн теңгеден астам қаражат аударған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Бас прокуратура азаматтарды сақ болуға шақырады.

"Мемлекеттік органдар мен сервистердің қызметкерлері телефон арқылы ақша аударуды, несие рәсімдеуді немесе қаражатты "қауіпсіз шоттарға" аударуды талап етпейді. Бөгде адамдарға SMS-кодтарды, құпиясөздерді, банк карталары мен ЭЦҚ деректерін бермеңіз, сондай-ақ белгісіз тұлғалардың нұсқауы бойынша ақша аудармаңыз. Күдікті қоңырау түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, тиісті мемлекеттік органға немесе банкке ресми байланыс арналары арқылы өзіңіз хабарласыңыз". ҚР Бас прокуратурасы

Интернет-алаяқтықтың саны төмендегеніне қарамастан (14,8%, 17,2 мыңнан 14,6мыңға дейін), қылмыскерлер азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін қолдануды жалғастыруда.

Бұған дейін кибералаяқтар Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына жаңа тәсілмен қоңырау шала бастағаны хабарланған. Қаскөйлер өздерін ХҚКО немесе eGov қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) қолданылу мерзімін ұзарту қажет екенін айтады,

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз