Ұлытау облысында полиция заңсыз граффитиге қарсы жұмыстарды күшейтті

Сурет: Ұлытау облысы ПД баспасөз қызметі
"Таза Қазақстан" республикалық бағдарламасын іске асыру аясында Ұлытау облысының полиция департаменті қоғамдық орындар мен ғимараттарды заңсыз граффитимен бүлдірудің алдын алу және жолын кесу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы екі күнде облыс аумағында 12 профилактикалық іс-шара өткізіліп, заңсыз граффити салудың 50-ге жуық фактісі анықталды. Аталған жазбалар мен суреттер тиісті орындардан өшірілді.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтарды анықтаумен қатар, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын да жүргізуде. Жыл басынан бері облыс аумағында 800-ге жуық профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.

Полиция азаматтарды қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауға және абаттандыру талаптарын сақтауға шақырады.

Заңсыз граффити салудың алдын алу және қоғамдық орындардың тазалығын сақтау бағытындағы жұмыстар Ұлытау облысы полициясының тұрақты бақылауында.

Бұған дейін бүкіл еліміз бойынша ІІМ заңсыз граффити салуға қарсы жұмысты күшейтіп жатқанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 19 әскери қызметшіні теңізге ағызып әкетті: тоғызы қаза тапты

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жамбылда шибөрілер ауыл ішіне кіре бастады

Қазақстанда балаларды мектепалды сыныпқа қабылдау тәртібі бекітілді