Петропавлда жалпыұлттық аза тұту күнін елегісі келмеген блогер қамауға алынды

Сурет: pexels
Петропавлда жалпыұлттық аза тұту күні әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізіп, көңіл көтерген блогер 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция Жалпыұлттық аза тұту күні әлеуметтік желіде тікелей эфир кезінде теріс қылық жасаған Петропавл қаласының 42 жастағы тұрғыны Ирина Антоненконы анықтады.


"Аталған факті бойынша полиция тексеру жүргізіп, тиісті материалдарды жинақтап, сотқа жолдады. 29 қыркүйекте сот әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 тәулік әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. Оқиғаға заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға берілді", делінген полиция хабарламасында.

Полиция ұсынған төмендегі видеода әйел адам: "Енді менің де өмірім тоқтап қалуы керек пе? Өмірде не болмай жатыр дейсіздер? Неткен сандырақ, біреулер өмірден кетіп жатыр, енді не, сол үшін мен қара жамылуым керек пе?", - дейді. Ал билеп тұрған видео сипаттамасына әйел: "Аза тұту күні Антоненкода" деп жазып қойған.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін