Түзетулер тізбенің ауыл шаруашылығы өнімдерін сату тәртібін белгілейтін бөліміне енгізілді.
Атап айтқанда, тауар биржалары арқылы міндетті түрде сатылуға тиіс қанттың ең төменгі үлесі белгіленді:
- қант өндірушілер үшін – өндірілген қант көлемінің 20%-ы;
- қант импорттаушылар үшін – елге әкелінген қант көлемінің 20%-ы.
Еске салайық, бұған дейін құжатта жеткізілетін тауар партиясының ең төменгі көлемі 60 тонна деп белгіленген еді. Партия көлемі 60 тоннаға тең немесе одан көп болған жағдайда қант тек тауар биржасы арқылы сатылатын.
Бұйрық 9 қазаннан бастап күшіне енеді.
Бұған дейін Қазақстанда биржалық сауда қағидалары өзгергенін хабарлаған едік.