Қалалық ПД баспасөз қызметі 2026 жылы 9 қазанда аталған оқиға Солтүстік айналма көшесінің бойындағы мекемелердің бірінде болғанын нақтылады.
Әйелдер арасындағы сөзге келіспеушілік төбелеске ұласып, салдарынан олардың бірі басынан жарақат алған.
"Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жанжалға қатысқандардың барлығын ұстап, Жетісу аудандық полиция басқармасына жеткізді. Қазір бұзақылық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", делінген полиция хабарламасында.