Мүгедектігі бар адамдарға санаторий-курорттық ем ұсыну тәртібі өзгерді

Фото: akorda.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 8 қазандағы бұйрығымен мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторий-курорттық ем ұсыну қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, қағидаларға мемлекеттік корпорацияның қызметкері немесе қалалық жұмыспен қамту басқармасының, бөлімінің маманы Заңның 18-2-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұратыны туралы тармақ қосылды.

Өтініште немесе өтініш беруші ұсынған құжаттарда қателер мен дәлсіздіктер анықталса, олардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес келмесе немесе құжаттар топтамасы толық болмаса, мемлекеттік корпорацияның қызметкері не жұмыспен қамту басқармасының, бөлімінің маманы өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдап, өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету процесінің тоқтатыла тұрғаны туралы хабарлама жібереді.

Бұл ретте өтініш беруші ұсынған құжаттар, оның ішінде түпнұсқалары да, мемлекеттік корпорацияда немесе жұмыспен қамту басқармасында, бөлімінде сақтауға қабылданбай, өтініш берушіге қайтарылады. Бұған веб-портал және абоненттік құрылғы арқылы берілген өтініштер жатпайды.

Өтініш беруші анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жойғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.

Анықталған кемшіліктерді жою үшін өтініш берушіге екі жұмыс күні беріледі. Бұл мерзім тиісті мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған жалпы мерзімге қосылмайды және одан аспауға тиіс.

Кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылған жағдайда өтінішті немесе құжаттарды қабылдау күні ретінде өтініш берушінің алғаш жүгінген күні есептеледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта жалғасады.

Сондай-ақ белгіленген мерзімде кемшіліктер жойылмаған жағдайда мемлекеттік корпорацияның қызметкері немесе жұмыспен қамту басқармасының, бөлімінің маманы құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беретіні көрсетілген.

Құжаттар топтамасы талаптарға сәйкес келген жағдайда жұмыспен қамту басқармасының, бөлімінің маманы оларды бес жұмыс күні ішінде қарайды. Қарау қорытындысы бойынша өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарлама беріледі.

Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды қабылдаған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болған жағдайда өтініш берушіні тыңдау рәсімі өткізілмейді.

Жұмыспен қамту басқармасынан немесе бөлімінен хабарлама алғаннан кейін мемлекеттік корпорация өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы оның абоненттік нөміріне SMS-хабарлама жіберу арқылы хабарлайды.

Мемлекеттік корпорация қызмет көрсету нәтижесін бір ай бойы сақтайды. Осы мерзім өткеннен кейін құжаттар одан әрі сақтау үшін жұмыспен қамту басқармаларына, бөлімдеріне беріледі.

Егер өтініш беруші бір ай өткеннен кейін жүгінсе, мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша жұмыспен қамту басқармалары мен бөлімдері дайын құжаттарды өтініш берушіге беру үшін бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:

Бұйрық 2026 жылғы 25 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін