Астанада оншақты JAC көлігін сатқан автосалон менеджері түскен ақшаны кассаға өткізбей, өз пайдасына жаратқан

Автосалон, Астана, JAC, менеджер, алаяқтық, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2026 17:47 Сурет: freepik
Астанада ірі алаяқтық жасады деген баппен автодилерлік ұйымның менеджері сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 2026 жылы 15 қазанда сотталушы автодилерлік ұйымның сату бөлімінің менеджері болып жұмыс істеп, жалған құжаттар ресімдеу арқылы жалпы құны 53,1 млн теңге болатын сегіз "JAC J7" автокөлігін заңсыз шығарып, сатып жібергенін хабарлады. Сатып алушылардан түскен ақшалай қаражатты ол кәсіпорын кассасына өткізбеген.

"Бұдан бөлек, 2026 жылғы қаңтарда А. Б-ға аталған маркадағы үш автокөлікті төмендетілген бағамен сатып алуды ұсынған. Алайда ол міндеттемелерін орындауды алдын ала көздемей, сатып алушыдан 16,5 млн теңге алғанымен, автокөліктерді бермей, ақшаны өз қалауы бойынша жұмсаған", деп хабарлайды соттан.

Жалпы келтірілген залал 69,6 млн теңгені құрады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша сот А-ны 6 жылға бас бостандығынан айыруға және коммерциялық ұйымдарда тауарлар мен қызметтерді сатуға байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 8 жыл мерзімге айыруға үкім етті.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: