Астанада танысын алдап, 8 млн теңгені қалтаға басқан әйел ұсталды
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Астанада полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен 37 жастағы әйелді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол ұлттық компанияға жұмысқа орналастыруды сылтау етіп, 8 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген.
Алдын ала мәлімет бойынша күдікті танысына өзін және оның отбасы мүшелерін ұлттық компанияға жұмысқа орналастырып беруге уәде еткен.
Ол компания басшылығымен жеке таныстығын алға тартып, жұмысқа қабылдауға "ықпал ету" және "келіссөз жүргізу" үшін ақшалай сыйақы алған. Ақшаны алғаннан кейін күдікті байланысқа шығуды тоқтатып, берген уәдесін орындамаған.
Осыдан кейін жәбірленуші полицияға жүгінген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта әйел жауапқа тартылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript