Семейде кәсіпкерді алдап, 4,3 млн теңгені қалтаға басқан үдікті ұсталды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2026 14:48 Фото: Zakon.kz
30 жастағы жеке кәсіпкер полицияға алаяқтық туралы арызбен жүгінді.

Жәбірленушінің айтуынша, 2024 жылдың тамыз-қыркүйек айлары аралығында бейтаныс ер адам сенімге кіріп, ақшаны көбейтуге көмектесемін деген желеумен, тендерлерге қатысу арқылы пайда табуға уәде беріп, оның 4,3 млн теңгеден астам қаражатын иемденіп кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол 28 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті өз кінәсін мойындаған.

Алайда ақшаны жұмсап үлгерген. Дәлел ретінде банк мәліметі нің көшірмесі тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме шарасы қолданылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: