Астаналық әйел тұрғындарды алдап, 13 млн теңгені қалтаға басқан

Астаналық әйел тұрғындарды алдап, 13 млн теңгені қалтаға басқан, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2025 19:40 Сурет: pxhere
Астанада полицейлер тиімді несие рәсімдеуге көмектсемін деп бірнеше адамнан ірі көлемде ақша жымқырған әйелді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу мәліметіне сүйенсек, күдікті бірнеше адамның сеніміне кіріп, мемлекеттік қолдау бағдарламасы аясында несие әперемін деп сендірген. Сол мақсатта алдын ала төлем түрінде ақша жинап отырған. Алайда несие де, уәде етілген қызмет те көрсетілмеген. Жымқырған қаражаттың жалпы сомасы 13 млн теңгені құрайды.

Азаматтардың сенімін арттыру үшін күдікті жалған кеңсе жалдап, өзін "банктегі сенімді менеджерлермен жұмыс істейтін делдал" ретінде таныстырған. Тіпті кейбіріне жалған қызметтік куәлік те көрсеткен.

Қазіргі уақытта оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер азаматтарды алаяқтардан сақ болуға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: