Астанада полицейлер қала тұрғынын 800 мың теңгеге алдап кеткен күдіктіні ұстады

Астанада полицейлер қала тұрғынын 800 мың теңгеге алдап кеткен күдіктіні ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2025 17:20 Сурет: freepik
Астанада полицейлер алаяқтық дерегі бойынша күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға түнгі клубтардың бірінде болған. Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті жәбірленушімен түнгі клубта танысып, арада сенімді қарым-қатынас орнатқан. Кейіннен өз танысын жалған сөзіне сендірген.

"Егер 800 мың теңге берсең, 10 көліктің біреуін ұтып аласын" деп алдаған.

Жәбірленуші уәдеге сеніп, сұраған соманы қолма-қол берген. Алайда біраз уақыттан кейін күдікті байланысқа шықпай қалған.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ұсталып, өз кінәсін толық мойындады, жәбірленушіге келтірілген 800 мың теңге көлеміндегі материалдық шығынды қайтарды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды бейтаныс адамдарға сенбеуге, күмәнді ұсыныстарға ермеуге, әсіресе ұтыс, инвестиция, жеңіл пайда туралы уәделерге алданып қалмауға үндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: