Алматыда бір түнде алты мас жүргізуші ұсталды
Сурет: polisia.kz
Алматыда полиция алты мас жүргізушіні тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қаласында жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған республикалық "Қауіпті жүргізуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
"Жол қауіпсіздігі мәселелері – біздің басты басымдықтарымыздың бірі. Патрульдік экипаждар күшейтілген тәртіпте қызмет атқаруда. Авариялық жағдайларға тікелей әсер ететін өрескел бұзушылықтар бойынша бақылау айтарлықтай күшейтілді", - деді Алматы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Тимур Серікұлы.
Кейінгі тәулікте полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарудың алты фактісін, мемлекеттік нөмірсіз жүрген 12 жүргізушіні, сондай-ақ жалған нөмір қойылған екі көлікті және өзге де бірқатар өрескел құқық бұзушылықты анықтады.
Профилактикалық жұмыстар жалғасып жатыр.
Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға үндеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript