Түркістан облысында жүкті әйел тасжолда босанып қала жаздады

Түркістан облысында жүкті әйел тасжолда босанып қоя жаздады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2025 17:46 Сурет: pxhere
Түркістан облысында полицейлер толғағы қысқан әйелді жедел перзентханаға жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы — Ташкент — Термез тасжолында қызметке түскен облыстық полиция батальонының қызметкерлері Мақсат Шорманов пен Бақыт Оразбаевтан Шымкент бағытына қарай бет алған Lada автокөлігінің жүргізушісі көмек сұрады. Жетісайлық тұрғынның айтуынша, көліктегі жүкті келіншегінің жағдайы ауыр болған. Полицейлер бірден көмек қолын созды.

Осылайша, тәртіп сақшылары жұбайының толғағы қысып, перзентханаға асығып бара жатқан ер адамның көлігін ілесіп жүру арқылы жылдам әрі кедергісіз перзентханаға жеткізді.

Сол күні әйел аман-есен босанып, қыз баланы дүниеге алып келді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: