Атап айтқанда, жеке тұлғалар Қазақстан аумағына жеке пайдалануы үшін әкелетін автокөліктерді ел аумағында пайдалануға шығаруға қатысты талаптар толықтырылды.
Оған сәйкес, мұндай көліктер мына талаптарға сай болуы керек:
- экологиялық класы 5 немесе одан жоғары болуы;
- көлік құралы шығарылған күннен бастап бес жылдан аспауы керек.
Аталған талаптар республиканың автомобиль жолдарында жүруге арналған автокөлік және мотокөлік құралдарының, сондай-ақ оларға тіркемелердің жекелеген түрлерінің тізбесіне сәйкес әкелінетін көліктерге қолданылады.
Бұйрық 2026 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.