Атап айтқанда, әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтары, сыныптық шендері мен нысанды киім кию құқығы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға қатысты еңбек сіңірген жылдарды есептеу қағидалары толықтырылды.
Өзгерістер 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде 12 жыл алты ай үздіксіз еңбек сіңірген жылдары болған және тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған адамдарға да қатысты.
Атап айтқанда, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде әскери қызметке шақыру бойынша өтіп жатқан офицердің бала үш жасқа толғанға дейін оны күту демалысында болған уақыты да еңбек сіңірген жылдарына есептеледі.
Қаулы 2026 жылғы 10 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.