Қазақстаннан шетелдіктерді мәжбүрлеп шығару қағидалары жаңартылды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Үкіметтің 2026 жылғы 24 қарашадағы қаулысымен шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан мәжбүрлеп шығару туралы шешімі шығарылған адамдарды ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде ұстау қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, құжаттың атауы өзгертілді. Енді ол Қазақстан Республикасынан шетелдік азаматты немесе азаматтығы жоқ адамды мәжбүрлеп шығару, сондай-ақ соттың жүріп-тұру бостандығын алдын ала шектеу туралы шешімі шығарылған, елден шығарылатын адамды ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде ұстау қағидалары деп аталады.

Қағидалардың өзі жаңа редакцияда бекітілді.

Оған сәйкес, шетелдік азаматты немесе азаматтығы жоқ адамды елден шығару туралы жаза Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдары тарапынан орындалады.

Егер шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам сот актісінде көрсетілген мерзімде республика аумағынан кетпесе, заңды күшіне енген сот үкімі, шешімі немесе қаулысы бойынша оны мәжбүрлеп шығару негізгі жаза орындалғаннан кейін жүзеге асырылады.

Негізгі жазаны орындауға жауапты уәкілетті органдар немесе тұлғалар елден шығарылуға тиіс шетелдік азаматқа немесе азаматтығы жоқ адамға қатысты негізгі жазаның орындалғаны туралы ішкі істер органдарына хабарлайды.

Ішкі істер органдары тиісті ақпаратты алған сәттен бастап шетелдік азаматты немесе азаматтығы жоқ адамды елден шығаруды ұйымдастыру шараларын жүргізеді. Атап айтқанда, жүру бағытын, Мемлекеттік шекарадан өту пунктін анықтап, жол жүру билеттерін сатып алады. Сонымен қатар алдағы елден шығару шарасы туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметіне хабарлайды.

Шетелдік азаматты немесе азаматтығы жоқ адамды елден шығару ішкі істер органдарының қызметкерлері оны теміржол көлігімен Мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктіне дейін алып баруы арқылы жүзеге асырылады. Теміржол қатынасы немесе тиісті бағыт болмаған жағдайда, өзге көлік түрлері (әуе, автомобиль немесе су көлігі) пайдаланылады.

Егер елден шығарылатын шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункті орналасқан елді мекенде болса, оны автомобиль көлігімен немесе жаяу алып жүруге рұқсат етіледі.

Қазақстан ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шартқа сәйкес шет мемлекеттен қабылданған, бірақ Қазақстанға кіруге және елде болуға заңды негіздері жоқ шетелдік азаматтар немесе азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан мен олардың азаматтығы бар немесе тұрақты (негізгі) тұрғылықты жері орналасқан мемлекет арасында Қазақстан ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарт болмаса, елден шығарылуға жатады.

Мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктінде ішкі істер органдары мен Шекара қызметінің лауазымды тұлғалары шетелдік азаматты немесе азаматтығы жоқ адамды республика аумағынан шығару туралы акт жасайды. Бұл құжат елден шығарылатын адам Мемлекеттік шекарадан өткеннен кейін тараптардың қол қоюымен рәсімделеді.

Елден шығару шығындарын елден шығарылатын адамның өзі, сондай-ақ шетелдік азаматты немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстанға шақырған не оның Қазақстанда заңсыз жүргені анықталған сәтте еңбегін пайдаланған жеке немесе заңды тұлғалар көтереді.

Аталған тұлғалардың елден шығару шығындарын өтеуге қаражаты болмаған немесе қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, тиісті шаралар бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады. Бұл ретте елден шығаруға жұмсалған қаражат мүдделі мемлекеттік органдардың жоғарыда аталған тұлғаларға сот тәртібімен қойған талап-арыздары негізінде өтелуге тиіс.

Шетелдік азаматты немесе азаматтығы жоқ адамды елден шығаруға байланысты шығындар сметасына мыналар кіреді:

Сонымен қатар соттың жүріп-тұру бостандығын алдын ала шектеу туралы шешімі шығарылған, елден шығарылатын адамды ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде ұстау тәртібі де бекітілді.

Қаулы 2026 жылғы 6 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті

Тоқаев мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

Алматыда қар жауып, күн суытады, Астана мен Шымкентте жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

Қазақстанға циклон жақындап келеді: 26 қарашада қар, жаңбыр жауып, жел күшейеді