Абай облысында жоғалған ер адамның денесі бес күннен кейін иен даладан табылды
Сурет: ЖИ көмегімен әзірленді
Абай облысында із-түзсіз жоғалған 44 жастағы ер адамның денесі бес күннен кейін иен даладан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Марқұм 4 қарашада үйінен шығып, ізім-қайым жоғалған. Оны іздеуге полиция қызметкерлерінен бөлек, еріктілер мен ауыл тұрғындары, жалпы саны 100-ден аса адам жұмылдырылған. Олар бес күннен кейін марқұм мінген Lexus 570 маркалы көлігін сайдан тапты. Ал мәйіті Ново-Васильевка ауылынан, шамамен, 35 шақырым қашықтағы даладан табылды, деп хабарлайды КТК.
Полицейлердің айуынша, оның денесінен зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Сондықтан алдын ала болжам бойынша, марқұм үсіп өлген болуы мүмкін.
Сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.
Бұған дейін Атырауда жоғары лауазымды шенді үйінен өлі күйінде табылғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript