Қазақстан саперлері полигондарды жарылмаған оқ-дәріден тазалауға кірісті

Zakon.kz
Жұмыстарға 500-ге жуық әскери қызметші, өтімділігі жоғары 40-тан астам техника тартылды.
ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің әскери қызметші саперлары жарылмаған оқ-дәрілерден полигондарды тазартуға кірісті, - деп хабарлайды Zakon.kz Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыстарға 500-ге жуық әскери қызметші, өтімділігі жоғары 40-тан астам техника тартылды. Құрлық әскерлерінің әскери қызмет саперлері 400 гектар ауданды алып жатқан 30-дан аса полигонды тазартты.

Полигондардың жаппай жоспарлы тазартылуы жылына екі рет өткізіледі. Негізгі міндет жеке құраммен оқу сабақтарын өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жарылмаған снарядтар мен оқ-дәрілерді (қопару тәсілімен) жоюға негізделген. Әскери қызметші саперлер арнайы жеке қорғаныс құралдары, броньды кеудешелер, сапердің арнайы қорғаныс костюмдерімен қамтамасыз етілген. 0,6 метр дейінгі тереңдікте қауіпті жарылғыш заттарды анықтау бойынша мина іздегіштерді іздестіру және барлаудың жаңа құралдарымен жабдықталған.

"ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері инженерлік-саперлік бөлімшелерінің әскери қызметшілері – бейбіт уақытта өздерінің өміріне қауіп төндіре отырып, қауіпті жарылғыш заттарды залалсыздандыру бойынша жауынгерлік тапсырмаларды орындайтындардың бірі болып табылады. Оқу полигондарының тазартылуы аяқталысымен, Құрлық әскерлерінің Арнайы әскерлер бастығының төрағалық етуімен комиссия тиісті қорытынды шығарады. Одан басқа, ерекше көзге түскен бөлімшелер мен әскери қызметшілер ҚР ҚК ҚӘ бас қолбасшысының бұйрығымен мадақталатын болады", — деп ҚР ҚК ҚӘ инженерлік әскерлер бастығы полковник Нұрлан Шаймахов атап өтті.

Фото: www.mod.gov.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты