Боксшы Назым Қызайбай Азия чемпионатының жартылай финалында сүрінді

Zakon.kz
Қорытынды ұпай – 2:3.
Бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай жартылай финалда КХДР-дың былғары қолғап шебері Пенг Чол Миге есе жіберді, - деп хабарлайды Хабар арнасы.

Қорытынды ұпай – 2:3. Осылайша ол Азия чемпионатының қола жүлдесін місе тұтты. Сондай-ақ 6 қазақстандық боксшының жартылай финалға жолдама алғанын еске саламыз.

Бүгін 64 кг келі салмақта Мадина Нуршаева таиландтық Лаопи Пимвилаймен кездеседі. Валентина Хальзова (69 кг) үндістандық Боргоайн Ловлинамен былғары қолғап түйістіреді. Сонымен қатар алда Азия чемпионы Дариға Шакимова, Мөлдір Базарбаева және Ляззат Күнгейбаевалардың жекпе-жегін тамашалайтын боламыз.

Фото: Хабар арнасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді