«Астана» командасы еурокубоктан 40 млн еуро тапты

Zakon.kz
Бапкер: "Біздің деңгейіміздің жоғары екендігінің айғақтарының бірі - еурокубоктарға жиі қатыса бастауымыз".
«Астана» командасының бас бапкері Станимир Стоилов Gong.bg сайтына өз командасының Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында соңғы жылдары қандай жетістіктерге қол жеткізгендігі жөнінде баяндап берді. Бапкердің сөзінше, команданың жетістіктері оның қаржылық жағдайына айтарлықтай оң әсер еткен, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Алғашқы чемпиондық титул ең күрделісі болды. Өйткені біз ол кезде айтарлықтай кейіндіп қалдық, оның үстіне бұл біздің команданы жаңадан құра бастаған кезіміз болатын. Біз өзіміздің әрекеттеріміздің дұрыстығына барлығының көзін жеткізуіміз қажет болған. Сөйтіп, командамыз ақырындап өсе бастады. Біздің деңгейіміздің жоғары екендігінің айғақтарының бірі - еурокубоктарға жиі қатыса бастауымыз. «Астана» командасы Еуропада өнер көрсете жүріп, мол табыс тапты. Біз жап-жақсы бизнесменге айналдық, бас бапкер тек бапкер ғана емес, мықты бизнесмен де болуы керек. Еурокубоктардағы өнері үшін «Астана» командасы 40 млн еуро алды»,-деп атап өтті Стоилов.

Оның сөзінше, бұған демеу болып отырған басты мәселелердің бірі әрбір футболшының өзін-өзі дамытуға деген ынтасы, ниеті.

Фото: www.inform.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз