Ресейде өтіп жатқан форумда болашақтағы университеттердің қандай болатыны айтылды

Zakon.kz
Бұл шара Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында өткізілуде.
Бүгін Ресейдің Челябі қаласында Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындары ректорларының форумы өз жұмысын бастады, - деп хабарлайды Altaynews.kz.

Бұл шара Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында өткізілуде. Жиынды Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінің ректоры, Ресей ЖОО ректорлары одағының президенті Виктор Садовничий ашты. Ол өз сөзінде Қазақстан мен Ресей бұрынғы бірыңғай білім беру кеңістігін сақтай алғанын атап көрсетті. Мұндай форумдар 2000 жылдан бері өткізіліп келеді. Содан бастап жалпы саны 50-ден астам форум ұйымдастырылған. Қазіргі кезде ММУ АҚШ-тағы Силикон алқабы сияқты алқап жасауды жоспарлап отыр екен, қазір ол үшін Мəскеу маңынан 100 гектар жер телімі бөлінген. Садовничий Қазақстанда да осындай алқаптар жасауға болатынын айтты. Ол, сондай-ақ, болашақта университетердің қандай болатынына тоқталды. Келешекте қашықтықтан білім беретін виртуалды университеттер болады, оларда білім ағылшын тілінде берілетін болады.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов баяндамасында форумның тақырыбы өте өзекті екенін атап айтты — адам капиталы, бəсекеге қабілеттілік. Орал федералды университетінің ректоры Виктор Кокшаров екі ел жас ғалымдарының форумын өткізіп тұру туралы ұсыныс айтты. Жастарға пікір алмасу алаңы керек. Аталмыш университетте бүгінде 1 мың қазақстандық студент білім алуда.

Авторы: Ержан Әбіш

Фото: altaynews.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс