Бір тәулік ішінде әлемнің бірнеше аймағында жер сілкінді

Zakon.kz
Жексенбі күні Алматы маңында магнитудасы 4,7 жер сілкінісі болды.
Бірнеше сағат ішінде Таяу Шығыста, Оңтүстік Америкада және Қиыр Шығыста күшті зілзала болды, - деп хабарлайды Baq.kz.

Дүйсенбі күні таңертең Тынық мұхитында Жапонияның шығыс жағында магнитудасы 5,7 жер сілкінісі тіркелді. Бұл жөнінде РИА Новости агенттігі Жапонияның метеоқызметі сілтеме жасап хабарлады. Мәлімет бойынша, Хонсю және Хоккайда аралдарында жер асты дүмпулері екі балл болған. Зардап шеккендер туралы хабар жоқ және цунами қаупі де жоқ деп мәлімдеген елдің метеоқызметі.

Бұдан бірнеше сағат бұрын Коста-Рика жағалауларында магнитудасы 6,8-ге тең жер сілкінісі болды. Бұл жөнінде АҚШ Геологиялық қызметі хабарлаған. Дүмпудің зардаптары туралы мәліметтер түспеген.

Оның алдында Иран мен Иракта аса ірі зілзала болып, салдарынан қаза болғандар саны жүзден асып кеткені хабарланған-ды.

Сонымен қатар соңғы тәуліктерде Қазақстанда да дүмпулер сезілді. Жексенбі күні Алматы маңында магнитудасы 4,7 және сол күні түнде Қостанайда магнитудасы 3,9 жер сілкінісі тіркелді.

Фото: baq.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді