Қостанайда АИ-80 маркалы бензин қоры таусылуға жақын

Zakon.kz
Қостанай облысына бірде-бір цистерна бармаған.
Еліміздің жанармай нарығындағы жағдай толық тұрақталды деуге әлі ерте. Осыған дейін жөндеуде болған Атырау мұнай өңдеу зауыты іске қосылса да, Қостанай облысына бірде-бір цистерна бармаған, - деп хабарлайды Хабар 24.

Сондықтан жергілікті операторлар жанар-жағармайды Ресейден тасымалдауға мәжбүр. Бағасы қымбат болса да, Қостанайда АИ-92 және дизельді отын баршылық.

Ал АИ-80 маркалы бензин таусылуға жақын. Қазір небәрі 6 күнге жетерлік қор қалды. Бензиннің бұл түріне елімізде баға шектеуі енгізілген. Сондықтан бір литрін 89 теңгеден асыруға болмайды. Ал Ресейден алдыру қымбатқа түседі.

– Қазір қолымыздағы АИ-92 бензині мен дизел отынының жеткілікті қоры бар. Ал АИ-80 бензиніне облыста тапшылық сақталып отыр. Энергетика министрлігіне қараша айына 1571 тоннаға тапсырыс бергенбіз. Алайда әзірге ештеңе алған жоқпыз. Аймақтардың қажеттілігін өтеу үшін орталық денгейде АИ-80 бензинінің кепілдендірілген өндіріс көлемінің кестесін нақты бекіткен дұрыс деп санаймыз, - дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Мұрат Шаимов.

Фото: 24.kz


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті