Жер телімін заңсыз үлестірген маңғыстаулық шенеунік жұмысынан босатылды

Zakon.kz
51 жер телімін заңсыз қосалқы шаруашылық ретінде табыстағаны анықталды.
Кадастрлық құны 56 млн теңге болатын 51 жер телімін халыққа заңсыз үлестірген маңғыстаулық шенеунік жұмысынан босатылды, - деп хабарлайды Хабар 24.

Қарақия ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысының бұрынғы басшысы коммерциялық мақсаттағы жер телімдерін қосалқы шаруашылық үшін деп тұрғындарға таратып келген.

Кейін ол жерлердің құжатын кәсіпкерлік нысан немесе тұрғын үй салуға ауыстырып отырған. Мемлекеттік қызметкердің айласын аудандық про-куратура әшкерелеп, жалпы көлемі 8,25 гектар жер телімін мемлекетке қайтарды.

Бұл дерек тәртіптік кеңесте қаралып, нәтижесінде бөлім басшысы мен сәулетшісі қызметінен қуылды. Ал аудан әкімінің орынбасарына ескерту жасалды.

– 2015 жылғы өзгерістерге байланысты жер қазіргі кезде тек қана аукцион, конкурстар арқылы беріледі. Яғни осыны біле тұра, заңды айналып өтіп, жоғарыда аталған бөлім басшылары 51 жер телімін заңсыз қосалқы шаруашылық ретінде табысталғаны анықталды. Тексерудің нәтижесін ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тәртіптік кеңесіне ұсыныс ретінде енгізген болатынбыз, - деді Қарақия ауданының прокуроры Мақсат Жақаев.

Фото: 24.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі