Алматы әуежайында Германия азаматын ұшаққа отырғызбай қойды

Zakon.kz
Жолаушы 65 жастағы Германия азаматы екен.
Алматы әуежайында тәртіп бұзған Германия азаматын Алматы-Франкфурт рейсінен алып тастады, - деп хабарлады Sputnik Қазақстан көліктегі ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, Қазақстанның көліктік полициясы үш күн науқан жүргізіп, тәртіпбұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Сол жайттардың бірінде Алматы әуежайында Алматы-Франкфурт рейсінің жолаушысы ішкі істер бөліміне тапсырылған.

Полиция хабарлауынша, жолаушы 65 жастағы Германия азаматы екен, әуежайда мас күйінде жүріпті. Тәртіп бұзушы жоғарыда көрсетілген рейстен алып тасталды. Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБК 440-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Фото: sputniknews.k

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды