Қостанайда ыстан уланған үш бала ауруханаға жеткізілді

Zakon.kz
Балаларға «жеңіл улану» диагнозы қойылған.
Қостанай қалалық балалар ауруханасына ыстан уланған үш бала жеткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 15 қараша күні түсте болған.

«Жедел жәрдем қызметі қалалық балалар ауруханасына 10, 12 және 17 жастағы иіс тиіп уланған үш баланы жеткізді. Дәрігерлердің айтуынша, балаларға «жеңіл улану» диагнозы қойылған», - деп хабарлады ведомствода.

Айта кетейік, ауруханада балалардың жағдайы қысқа уақытта тұрақтандырылып, олар барлық қажетті емдерді алып жатыр. Дәрігерлер олардың біраз уақытқа дейін педиатриялық бөлімде күндізгі стационарда бақылауда болатынын атап өтті.

Зардап шегушілердің анасы түсіндіргендей, бұл отбасы жеке секторда тұрады. Балалар таңертең бастары ауырып тұрған, ал үйде газдың иісі шығып тұрған. Балалардың анасы жедел жәрдем шақырған.

«Қазіргі таңда құтқарушылар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бір нұсқа бойынша, ас үйде орнатылған баллонының ескі редукторынан газ шыққан», - деп түсіндірді құтқарушылар.

Фото: www.inform.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды