Алматыда сауда орталығында антитеррорлық оқу-жаттығу өтуде

Zakon.kz
Қала тұрғындарына сауда орталығы мен маңайында оқу-жаттығулар жүріп жатқан кезде шектеу амалдары қолданылатыны ескертілген.
Бүгін 8.30-10.00 аралығында Розыбақиев көшесінде орналасқан Mega Alma-Ata сауда және ойын-сауық орталығында жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығу жүргізіледі, - деп хабарлайды Zakon.kz Алматы қаласы терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Қала тұрғындарына сауда орталығы мен маңайында оқу-жаттығулар жүріп жатқан кезде шектеу амалдары қолданылатыны ескертілген.

"Азаматтарды жүргізілген шараларға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын ескеруге, қозғалыс бағдарын алдын-ала реттеуге, оқу-жаттығуды жүргізуге қатысушы мемлекеттік орган қызметкерлерінің талабын орындауға шақырамыз", — деп жедел штаб халыққа үндеу тастады.

Штаб ескертіп өткендей, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші тұлғаның талабын орындамаған адам әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

Фото: sputniknews.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қайрат" пен "Астана" бапкерлері сөзге келді

Тоқаев кореялық компанияларды Қазақстанда өндіріс орындарын ашуға шақырды