Велосипедшілерге қоғамдық көлікке арналған жолақпен жүруге рұқсат етілді

Zakon.kz
Сондай-ақ, жаңадан енгізілген заңда көшедегі жолақтарда әртүрлі жылдамдықта жүйіткуге болатыны жазылған.
Велосипедшілерге қоғамдық көлікке арналған жолақпен жүруге рұқсат етілді. Бұл туралы Алматыда өткен брифингте әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Жандос Мұратәлиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Алматы арнасы.

Сонымен қатар, көліктің қысқы дөңгелегі темір тікенекті болса, артқы терезеге арнайы белгі жапсыру міндетті емес. Сондай-ақ, жаңадан енгізілген заңда көшедегі жолақтарда әртүрлі жылдамдықта жүйіткуге болатыны жазылған. Мысалы, ортасында сағатына 60 шақырыммен, сол жақ шеткі жолақпен сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүретіндей өзгермек. Оларға жақын арада арнайы белгі орнатылатын болады.

«Өзгертілген заңда, егер жол потрульдік полициясы көлік иесін тоқтатқан кезде, жолаушының кетіп қалуына тыйым салынған. Сондай-ақ, өздеріңіз білесіздер, Алматы қаласында бірнеше көшелерде жүргіншілерге басымдылық беріліп, өзгертілді. Біз мегаполис көшелерін бақылап, анализ жасаймыз. Қай көшелерде жол апаты көп болады, сол орындарға бейнебақылау камераларын орнатып жатырмыз»,-деді Алматы қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары, Жандос Мұратәлиев.

Фото: stan.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты