Қазақстан БҰҰ ҚК отырысында адам саудасы мәселесі жөнінде өз ұстанымын білдірді

Zakon.kz
Барлыбай Садықов адам саудасы халықаралық қауымдастық үшін жаға ұстатар жағдай екенін атап өтті.
Біздің ел осы мәселеде халықаралық, аймақтық ұйымдармен ынтымақтастықты күшейтуге шақырды, - деп хабарлайды Хабар 24.

Ал БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш баяндама жасап, Ливияда тауар ретінде сатылып жатқан африкалық мигранттар жайлы америкалық телеарналар көрсеткен бейнежазбаға тоқталды. Басқосуда Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің бірінші орынбасары Барлыбай Садықов сөз сөйлеген. Ол адам саудасы халықаралық қауымдастық үшін жаға ұстатар жағдай екенін атап өтті.

- Біз адам саудасымен күресте ауқымды жұмыстар атқарып жүрген Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Африка одағы, Араб мемлекеттері лигасы және басқа да аймақтық ұйымдармен әріптестікті күшейтуіміз керек. Қазақстан 2014-2018 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы арқылы ТМД-мен және Адам саудасымен күрес жөнінде альянспен жұмыла әрекет етіп отыр. Сонымен қатар біз Алматы процесін бастауды ұсындық. Бұл – көші-қон саласы және босқындарды қорғауда әріптестік орнатуға арналған өңірлік алаң, - деді БҰҰ Қазақстандағы тұрақты өкілінің бірінші орынбасары Барлыбай Садықов.

Фото: 24.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды