Open Eurasia байқауында Әбілхан Қастеевтің немересі жүлдеге ие болды

Zakon.kz
Open Eurasia-2017 байқауының қорытындысы Швеция астанасында (Стокгольмде) қорытындыланды.
Талантты суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің немересі Дәурен Қастеев Open Eurasia-2017 байқауында екінші орынды иеленді, - деп хабарлайды Zakon.kz байқаудың сайтына сілтеме жасап.

Open Eurasia-2017 байқауының қорытындысы Швеция астанасында (Стокгольмде) қорытындыланды. Ашық әдеби байқаудың «Иллюстрация», «Видеофильм», «Аударма» және «Әдеби шығарма» атты төрт санатында әлемнің 8 елінен барған 20 қатысушы жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздардың есімі Open Eurasian Literature Festival & Book Forum VI Халықаралық әдеби фестивалінің ашылу салтанатында жарияланды.

Хабарланғандай, сыйлық лауреаты Дәурен Қастеев «Иллюстрация» санатында екінші орынды иеленді.





Фото: www.inform.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін