Нью-Дели қаласының дәрігерлері асқазанында 263 тиын мен 100 шеге жатқан науқасты көріп қатты таңқалған. Бастапқыда олар ер адам тамақтан уланған болар деп болжаған, - деп хабарлайды Baq.kz Zee News басылымына сілтеме жасап.
35 жастағы Мэксуд Хан дәрігерлерге асқазанының ауыратынын айтып келген. Тексеруден кейін оның асқазанында көптеген тиын мен өзге темір-терсек жатқаны анықталған. Нәтижесінде ол Сатнадағы Санджай Ганди атындағы ауруханаға жатқызылып, сол жерде ота жасалды. Оның асқазанынан алынған темір-терсектің жалпы салмағы – 7 келі.
Ұлыбританиялық Yahoo жаңалықтарында Ханның ақыл-ес кемістігі бар екені туралы айтылған. Отбасы оның темір-терсекпен тамақтанатынын жақсы білген екен.
«Бастапқыда науқас бізге үш айдан бері асқазанының ауырып жүргенін айтты. Тексеру барысында оның асқазанындағы темір-терсекті көріп қатты таңқалдық. Тәжірибемізде мұндай жағдаймен бірінші рет кездесіп отырмыз. Дені сау адам бұлай жасамайды», - дейді дәрігер Прийанк Шарма.
Фото: baq.kz