Жаңаөзендегі жол апатынан қаза болғандар мен жараланғандарға 20 миллион теңге бөлінбек

Zakon.kz
Жаңаөзен қаласындағы әкімдік жанынан 15 адамнан тұратын комиссия құрылды.
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов жол апатынан қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына 20 миллион теңгені бөлу керектігін тапсырды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтсақ, апатта қаза болғандардың отбасыларына 1 млн.теңге, ауыр халде жатқан 9 адамға 500 мың теңге беріледі. Тағы жапа шеккен 18 адамға 300 мың теңге бөлінбек.



Сонымен бірге, бүгін аймақ басшысының төрағалығымен өткен аппараттық жиында облыстағы барлық мемлекеттік органдардың 1 күндік жалақысын жол апатында зардап шеккендердің отбасыларына аудару туралы шешім қабылданды.

Жаңаөзен қаласындағы әкімдік жанынан 15 адамнан тұратын комиссия құрылды. Комиссия мүшелері жол апатынан көз жұмған және жараланған отбасыларға көмек көрсетумен айналыспақ. Сондай-ақ, материалдық көмек көрсету үшін қайырымдылық қоры құрылды. Комиссия мен қайырымдылық қорының жұмыс барысын облыс әкімі Ералы Тоғжанов тікелей қадағалайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қараша күні Жаңаөзен маңындағы Теңге елді-мекенінде тепловоз бен «Газель» көлігі соқтығысты. Апат салдарынан 36 адам зардап шекті. 9 адам қайтыс болып, 27 адам жарақат алған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады

Қазақстанның үш өңірінде тұрғындар референдумға дауыс беруге кезекте тұр

Мәулен Әшімбаев жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдумда дауыс берді

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған