Этномәдени бірлестіктер – спорт алаңында

Zakon.kz
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері қаржылай сыйлыққа ие болды.
Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өңіріміздегі этномәдени бірлестіктер арасында спартакиада өтті. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осымен 10-шы рет өтіп жатқан шараның ашылу салтанатына облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Өңіріміздегі этностардың достығын, берекелі бірлігін одан әрі нығайтуда мұндай шаралардың маңызы зор екендігіне тоқталды.

Облысымыздағы этномәдени бірлестіктердің және ОҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерінен құрылған командалар кіші футбол, шахмат, үстел теннисі, қашықтыққа жүгіру, арқан тарту секілді спорт түрлерінен өзара сынға түсті.

Сайыс нәтижесінде бас жүлдені облыстық өзбек этномәдени бірлестігі жеңіп алса, І орынға облыстық славян этномәдени бірлестігі ие болды. Ал, ІІ орын облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің, ІІІ орын облыстық ұйғыр этномәдени бірлестігінің атынан қатысқан командаға бұйырды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері қаржылай сыйлыққа ие болды.

Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды