Алматы облысында ер адам дәрігерді жауапқа тартуға тырысуда. Екі жыл бұрын Жандос Бауыржанұлы мұрнына 4 ота жасаған. Оның 3-уі сәтсіз аяқталыпты. Соңғы отадан соң хирургтер оның мұрнынан скальпель футлярын тауып алды, - деп хабарлайды 31 арна.
Жандос Бауыржанұлы гайморит дертіне кеңес алу үшін дәрігерге келген. Ал, дәрігер оның мұрнының сынғанын, оны түзеу керек екенін айтқан. Алайда науқастың жағдайы отадан соң жақсара қйомайды. Екінші ота да сәтсіз шығады. Екі аптадан соң мұрнын мақта тампонын алады. Науқас үшінші рет ота жасатпақ болады. Бұл жолы мұрнының ішінен пластмасса бөлшегі табылған. Барлық үш отаны бір ғана дәрігер жасаған.
Төртінші рет науқас өзге дәрігерге ота жасатады. Енді ғана өзін жақсы сезініп отыр. Науқас алдыңғы екі ота үшін 500 мың теңге төлеген.
Тілшілердің ота жасаған дәрігермен сөйлесуге мүмкіндік болмады. Дәрігердің жұмыстан сұранып кеткені белгілі болды.
«Ол бөлім меңгерушісі. Медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары категориялы маман. Үш ота сәтсіз өтті деп айта алмаймын. Бұл мәселені қарап жатырмыз», – дейді көппрофильді емхана директоры Жұмахан Молдақұлов.
Науқас дәрігерді сотқа бермек. Ол өтемақыдан бөлек дәрігер жауапқа тартылуы тиіс деп есептейді.
Фото: 31 канал