«Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабы әзербайжан тілінде латын әліпбиінде басылып шыққан алғашқы кітап. Бұл туралы кітаптың тұсаукесерінде ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбек мәлімдеді, - деп хабарлады Zakon.kz strategy2050.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбек кітаптың тұсаукесерінде аталған кітаптың әзербайжан тілінде басылып шыққанын еліміз бен Президентімізге көрсетілген құрмет деп бағалады.
«Әрине, бұл кітаптың біздің бауырлас еліміз Әзербайжан елінде әзербайжан тілінде басылып шықты. Бұл кітаптың шығуы біздің елімізге, Президентімізге көрсетілген құрмет деп білеміз. Естеріңізге салып кететін болсақ, бұл кітап алғаш рет осыдан бес жыл бұрын қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты. Содан бері қысқа мерзім ішінде аталмыш кітап ағылшын, неміс, араб, қытай, венгр, корей, серб тілдерінде жарық көрді», - деді Махмұд Қасымбек.
Спикердің айтуынша, аз уақыттың ішінде кітаптың бірнеше тілде жарық көруі оның әзербайжан тілінде басылып шығуына септігін тигізді.
«Кітаптың аз уақыт ішінде бірнеше тілдерде жарық көруі оның әзербайжан тілінде басылып шығуына септігін тигізді. Жалпы, бұл әзербайжан тілінде латын әліпбиінде басылып шыққан алғашқы кітап», - деді ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы.
Фото: bnews.kz