Даниал Ахметов өңірдегі елді мекен атауларының қашан қазақшаланатынын айтты

Фото: Sputniknews.kz
Облыс әкімі орыс тіліндегі атауларды қазақшалағанда әр елді мекеннің мүддесін ескерілуі керектігін айтты.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірдегі елді мекен атаулары қашан қазақшаланатынын айтты, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Тәуелсіздік алғанымызға 25 жылдан асса да, ШҚО-да көптеген көше атауы әлі күнге дейін орыс тілінде. Көшелерді былай қойғанның өзінде, Шемонаиха ауданында 11, Глубокое ауданында 17 ауылдық округтің атауы түгелдей орысша. Бұл атаулар қашан қазақшаланады?", — деген сауал қойды журналистердің бірі бүгін ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Облыс әкімі орыс тіліндегі атауларды қазақшалағанда әр елді мекеннің мүддесін ескерілуі керектігін айтты.

"Глубокое ауданында бірқатар атаудың орыс тіліндегі екені рас. Шемонаиха ауданында да жағдай осындай. Әрине, біз ономастикамен айналысуымыз қажет. Түптің түбінде, елді мекендеріміз тарихи атауын алады. Бұл Глубокое ауданы, Шемонаиха, Зырян аудандарына да қатысты. Бірақ ескеретін жайт бар. Мәселен, Шемонаиха ауданында 20 пайызы қазақтар, 80 пайызы басқа ұлттар. Сондықтан біз объективті болуымыз керек. Сол аудан халқының мүддесін ескеруіміз керек. Қазір осы бағытта жан-жақты талдау жүргізіп, атауларды қазақшаға ауыстыру мәселесімен айналысып жатырмыз", — деген Ахметов бұл жұмыстар біраз уақытты алатынын айтты.

Фото: sputniknews.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды