Оңтүстік Қазақстанда үй өртеніп, үш бала қаза болды

Today.kz
Өрт аумағы 250 шаршы метрді құраған.
Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында тұрғын үйде өрт болып, үш бала көз жұмды, тағы бір адам зардап шеккен, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Бұл туралы Today.kz "Интерфакс-Қазақстан"-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз қызметінің бейсенбі күні таратқан ақпары бойынша, өткен түні Шолаққорған ауылында жер үй отқа оранған.

Алған күйіктен оқиға орнында 2005, 2006 және 2011 жылы туылған үш бала қаза болды. Сонымен қатар, 35 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді, делінген хабарламада.

Өрт аумағы 250 шаршы метрді құраған. Өртті сөндіруге жеке құрамның 11 адамы мен 3 техника бірлігі жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз