Қызылорда қаласының оқушылары ҚР Тұңғыш Президенті күніне арнап флешмоб ұйымдастырды

Zakon.kz
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған флешмоб еліміздің барлық өңірлерде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» желісіне кіретін мектептердің қатысуымен бір уақтытта өткізілді.
Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халыққа қызмет көрсету орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған музыкалық флешмобын ұйымдастырды. Шара барысында мектептің халық аспаптар оркестрінің орындауында Құрманғазының «Балбыраун», «Сарыарқа», «Адай» және Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» мен «Әлқиса» секілді күйлеі шырқалды. Сонымен қатар, мектептің өнерлі оқушылары Елбасымыздың сүйіп тыңдайтын әндерінен және Ұлт Көшбасшысына арналған әндерден шеру жасап, халыққа қызмет көрсету орталығына келген облыс тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған флешмоб еліміздің барлық өңірлерде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» желісіне кіретін мектептердің қатысуымен бір уақтытта өткізілді.

Шараның мақсаты қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық өнеріміздің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді