Павлодарда коньки теуіп жүрген жігіт мұз астына түсіп кетті

Sputniknews.kz
Тұрғындар арасында алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр.
Павлодарда Усолка өзенінде серуендеп жүрген 1990 жылғы жігіт ажал аузынан аман қалды. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

- Ол кеше, 3желтоқсан күні кешкі сағат 17:00 кезінде конькимен жұқа мұздың үстінде сырғанап жүрген. Кенеттен мұз опырылып кетіп, ер адам мұздың астына түсіп кеткен. Абырой болғанда, оқиға орнында жүрген кұтқарушылар тұрғынды жағаға алып шықты, — деді департаменттегілер.

Мамандардың айтуынша, жергілікті телеарналарда жұқа мұздың үстімен жүру адам өміріне қауіпті екендігі туралы роликтер көрсетіліп, тұрғындар арасында алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Десе де, соңғы кездері өз өмірін қауіп-қатерге тігіп, осындай қадамға баратын жағдайлар жиілеген.

Фото: Sputniknews.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды