Қазақстандық паралимпиадашы әлем чемпионы атанды

Zakon.kz
Қазақстан тарихындағы Паралимпиададан өткен әлем чемпионатында жеңіп алған тұңғыш алтын жүлде.
Қазақстандық жүзуші Наталья Звягинцева паралимпиадалық жүзу спорты бойынша алтын медаль иеленді, - деп хабарлайды Stan.kz.

«Бізде бүгін жаңа әлем чемпионы – Наталья Звягинцева Қазақстанның атын әлемге танытты. Арқамен жүзу бойынша 50 метрлік қашықтықта Наталья алтын алды.

Бұл Қазақстан тарихындағы әлем чемпионатында алған тұңғыш алтын медаль. Наталья Мексикада Азия рекордын жаңартты», – деп жазды Қайрат Боранбаев Инстаграмдағы парақшасында.

Бұл Қазақстан тарихындағы Паралимпиададан өткен әлем чемпионатында жеңіп алған тұңғыш алтын жүлде.

Қазақстанның қоржынына тағы бір медальді 100 метрлік қашықтықта екінші орын алған Зульфия Габидуллина салды.

Естеріңізге сала кетейік, Наталья Звягинцева 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиада ойындарында 100 метрге шалқалай жүзуде 7-орын алған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін