Қазақстанда алғаш рет халал банк карталары пайда болды

Фото: Stan.kz
Қазіргі уақытта карталар Шымкент пен Алматы, Астанада қолжетімді.
“Al Hilal” ислам банкі АҚ Қазақстан нарығына алғашқы карталарын ұсынды. Олардың қызметі шариғат заңына негізделген, - деп жазады Stan.kz.

Банк баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, ислам карталары картада қалған өсім есебінен сыйақы бермейді. Сонымен қатар тұтынушы картаны ойын-сауы орталықтарында, казиноларда, букмекер орындарында, алкоголь, темекі сататын дүкендерде қолдана алмайды.

Қазіргі уақытта карталар Шымкент пен Алматы, Астанада қолжетімді. Алдағы уақытта өзге аймақтарға жасалады.

Бұл картаны тұтынушылар шетелде де қолдана алады. Әрбір тауардан 0,5%-дан 1%-ға дейін кэшбэк алады. Сонымен қатар ғаламтор арқылы тапсырыс бере алады. Аударымдар жіберіп, салық пен айыппұл төлей алады. Банктің филиалында, “Казкоммерцбанк” банкоматтары арқылы есепшотты толтыруға болады. Тұтынушылар үшін ең қолайлысы интернет-банкинг.

Келесі жылдың басында банк алғашқы несие карталарын нарыққа шығармақ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды